Смотреть фильмы онлайн

«Шаттық» балалар фестивалі биыл сегізінші рет өткізілді

   
- HD качество

Астананы 18 жылдығымен ең жас тұрғындары да құттықтады. Елордаға ән жазып, жыр арнаған 60 бүлдіршін «Шаттық» балалар шығармашылығының фестиваліне қатысып, бас шаһарға ақжарма тілектерін ақтарды. Бүлдіршіндер сахнаға шығып, өз өнерін паш етуге асық. Фестивальге қатысу үшін бір жыл бойы дайындалған. Олар бүгін ән айтып, би биледі. Театрландырылған қойылым да көрсетті. «Шаттық» балалар шығармашылығының фестивалі осымен сегізінші рет өткізілді. Байқаудың ауқымы жыл сайын кеңеюде. Биыл ел аймақтарынан бөлек Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Армения, Литва, Болгария мен Саха республикаларынан 600-дей өнерпаз келген. Қатысушылардың ең кішкентайы 5-жаста. . Бүгін елорда тойы шаһардың әрбір саябағында өтіп жатыр. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Концерттік бағдарламалар, фестивальдер мен түрлі спорттық шаралар жалғасын табуда. Ұлттық дәстүрдің насихатталуы тағы бар. «Жерұйық» саябағында қымызмұрындық халықаралық фестивалі бүгін де жалғасты. Қазіргі заманғы өнер туындылары да көпшіліктің ыстық ықыласына бөленуде. Astana Art Fest 2016 фестиваліндегі бірегей инсталляциялар, сандық өнер мен өнеркәсіптік дизайн павильондары көздің жауын алады. Ал қазақ халқы асыға күткен республикалық ақындар айтысы бүгін шымылдығын түреді. Авторлары: Гауһар Омарбек, Айдос Меделбеков

Вы посмотрели онлайн видео по фразе «Шаттық» балалар фестивалі биыл сегізінші рет өткізілді. Если онлайн видео «Шаттық» балалар фестивалі биыл сегізінші рет өткізілді Вам понравилось и Вы остались довольны, можете оставить комментарий ниже...

Мир в онлайне